Сәлем қыз-келіншектер!!! Менің ұсынайын деп отырғаным шоколадты тәтті, өте оңай тәттілердің бірі. БРАУНИ тәттісі Құрамы: Шоколад (особый темный) 120-150гр Сары май - 200 гр Шекер - 200гр немесе жарты стақан Жұмыртқа - 3 дана Ұн - 100-150гр Қопсытқыш - 1 шай қасық Жаңғақ (грецкие орехи) 100гр Глазурь: Шоколад (қара) - 90 гр Сүт - 4-5 асқасық Әсемдеу үшін: Мен кокос ұнтағын қолдандым, өз талғамыңызға қарай әсемдеңіз Дайындалуы: 1)Кішкентай ыдысқа су құйып қайнатып соның ұстіне ыдыс қойып, шоколад пен майды ыдысымызға салып үнемі араластырып, ерігенше араластырамыз. 2)Жұмыртқаны миксермен көпіргенше араластырамыз, үстіне шекерді саламыз тағы көпіртеміз, үстіне суыған шоколадымызды құйып араластырамыз. 3)Ұн және қопсытқышты салып тағы да араластырамыз 4)Соңында жаңғағымызды салып араластырып, формамызға пергамент төсеп, жан-жағын майлап, қамырымызды құйып, 180С алдын -ала қыздырылған пеште 30-35 минут пісіреміз . Сосын пештің ішінде 15-20 минут тұрсын сосын пештің аузын ашып қойыңыз толық салқындағанын күтіп, шоколад пен сүтті ерітеміз, қасықтың көмегімен тәттіміздің үстіне құйып шығамыз. АС БОЛСЫН!

Теги других блогов: шоколад брауни тәтті