ҚАЗАҚ НЕГЕ ҚЫТАЙ, ЖАПОННЫҢ КҮЙІН КЕШТІ.......... Шыны керек қазір қазақ гендірлік жағынан ұсақталып, азғындалып кеттік. Оған экологиянының да, сырттан келетін тамақтың да зияны шат етектен. Бұрын қазақ қытай, жапондарға күлуші еді, мыртық, тапал деп. Қазір керісінше олар бізге күлетін дәрежеге жетті. Қытайлықтар гендірлік саясатын жақсы дамытып алды. 90 жылдары қытайлықтардың орташа бойы 1.55 см болатын қазір, 1.67 жетті. Ал, біз керісінше құлдырап кеттік. Себебі, күнделікті жейтін тамағымыздың сапасының төмендегі, құнарсыздығы және сырттан тасымалданатыны. Шетелден келіп жатқан тауардың зияны каншалықты екенін тексеріп жаткан ешкім жоқ, білсе де қауқарсыз, себебі біз бейшара өз өзімізді қамтамасыз ете алмаймыз. Осы себептерге экологияны қосайық. Қазақтар көп қоныстанған батыс өңірін қазір мұнайдан шыққан улы газдар құртып жатыр. Оңтүстіктегі уран зауыттары да қазақ үшін кеселге айналды. Өткен ғасырдан келе жатқан атом бомбасының зардабын тартқан Шығыстың жағдайын айтпай ак кояйық. Соңғы кездері ерлеріміздің арасында БЕЛСІЗДІК көбейіп бара жатыр. Бұл- ұлт үшін қасірет, түсінген адамға. Қазір бұты шидаған жігіттер көбейіп, қыздарымыз толықтап бара жатыр. Ауыздарында бұрқыраған темекі , арағы мен шарабы. Одан туған бала кім болмақ? Ондайлардан сау адам нәресте дүниеге келе ма? Жай денесінде жаны бар, бір қауашак келеді зар жылап. Зиянды нәрселерге ақшамызды, өмірімізді , ұлтты құртқанша неге спортпен айналыспаймыз а? 1 айда темекіге 2000 пивосына 2000 жұмсағанша , сол 4000 теңгеге спорт залына барып балаларымыз не өзіміз спортпен неге айналсыпаймыз?! Спорттың түр түріне берейік балаларымызды жастайынан, бала өзі ақ тұлға болып қалыптасады. Қазір Қазақстанда спорттың көптеген түрлері артта қалып қойып жатыр. Волейбол, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика (легкая), гимнастикада қара көздеріміз санаулы -ақ! Неге теннистен қазақтың бір Мария Шараповасы жоқ? Әлде, қазақтың ұл қыздары кем не көрдемшеден туды ма? Бокс пен күреске бере бергенше басқа да спорт түрлеріне неге бермейміз? Шетелдің ұл-қыздары сол спорттың арқасында қыруар ақша тауып, өзінде басқаны да қаржыландырып жүр. ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫН да спортқа тартуымыз керек. Басында түк ми жоқ қаншама қыздарымыз темекіні бұрқыратып кафені, саунаны жағалап кетпес еді ақаша үшін. Қорқыныштысы сол, медицина , білім саласында қаншама сауатсыз ұл-қыздарымыз жүр "типа" адам емдеп, сабақ беріп. Әйтеур ақша табу керек. Одан тәрбиеленген ұрпақ қайда барады? Құрметті ата -аналар, болашақ аналар мен әкелер балаларымызды спортқа берейік. Спорт гендірлік саясатымызды нығайтудың басты жолдары. Спорт ол жұдырық алып, көше төбелес емес. Спорт- ол мәдениет. Спорт- ол интеллектуал. Спорт- ол қозғалыс. Спорт- ол күрес. Спорттың адамға берер пайдасы шаш етектен. Үнемі бір формада болу, сұлу бітімде қалыптасу, денсаулықты жақсарту және творчестволық-интеллектуалдық қабілетті өсіру және де мінез құлық қалыптасады. Алға қойған мақсатқа жетуді және қалай жеңу жолдарын үйретеді. Спорт бай болудыңда бір жолы. Спорт арқылы ұлттық құндылығымызды нығайтып, нағыз елдің патриоты қылып шығаруға болады. Елін, жерін, тілін сүйіп өседі. (с) Айбану Кунтуарва

Теги других блогов: SEO Google Продвижение